Қастеевтің ұстазы кім?

Әбілхан Қастеевтің арнайы кәсіби білім алмағаны белгілі. Алайда үлгі тұтқан ұстаздары болған шығар?
Жауһар ОРДАБАЙ,
Алматы
Әбілхан Қастеевтің ең үлкен ұстазы – өмір. Оның ішіне туған жері, ауыл-аймағы, ата-анасы, ата-бабасы, жалпы, қазақтың жалпақ даласы – бәрі кіреді. Ол – көрген-білгенінен, естігенінен, азды-көпті оқығанынан ой түйген, өнер үйренген адам. Орыс суретшісі Н.Хлу­дов «Сурет салуды қайдан үйрендің?» деп сұрағанда бозбала Әбілхан «Таудың бұла­ғынан, қойдың құлағынан, апамның киізінен, ешкінің мүйізінен үйрендім» деп жауап бер­ген екен. Одан кейін суретші, әрине, Хлудовтан тәлім алған және Хлудовқа өзі де көп нәрсе үйреткен, яғни ұстазының өзіне ұстаз­дық жасаған. Мысалы, А.Байтұрсыновтың «Орындалуы мен бейнелеп мазмұндауы жағы­нан Хлудовтың картиналары әдемі-ақ, бірақ қазақ тұрмысын білетін адам олардың ойдан шығарылған, жат әрі жалған екенін аңғарады» деген сөзіне орай Н.Хлудов «Ол кар­тиналарды түзету үшін Қазақстанның байыр­ғы халқынан шыққан Ходжиковке, Қас­теевке жөндеуге беру керек» депті. Өз жазбаларына қарағанда, Хлудовтың Қастеевті қазақ ауы­лы­ның тұрмыс жағдайын, күнделікті тір­шілігін өзінен тәуір біледі деп мойындағаны, яғни оны тыңда­ғаны аңғарылады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста