Әлемде жыл сайын қарақұмық тапшылығы байқалатынын білеміз. Мұны қай елдер көп өндіреді? Біздің еліміз қарақұмық экспорттаушы елдер қатарына кіре ме?
Жадыра ОРЫНБАСАРОВА, Алматы қаласы
Негізгі азық-түлік өнімі, қарақұмық ұны мен дәрі-дәрмектің шикізаты ретінде бұл дақылға сұраныс жыл сайын артып келеді. Оның әлемдік нарықтағы бағасының да ауық-ауық шарықтап отыратыны сондықтан. Соңғы жылдары дүниежүзі бойынша 2 млн тоннаға жуық қарақұмық өндірілетін болды. Қазақстан қарақұмық өндіруші елдер тізімінің 11-орнында. Ірі өндірушілер: Ресей, Қытай, Украина, Франция, АҚШ, Польша, Бразилия, Жапония, Литва және Беларусь. Бутан, Латвия, Оңтүстік Корея, Канада, Чехия елдері де қарақұмық өндіріп, экспорттайды.
Қарақұмықты қай елдер көп өндіреді?
Последние статьи автора