Соңғы жылдары «Қара жорға» биi қазақ сахнасында жиi көрiнiп жүр. «Қара жорғаны» билейтiн бишiлер мен оның кейбiр элементтерiн пайдаланатын әншiлердiң де қатары көбейдi. Тойларда да осы бидi билеуге талпынатындарды байқап қаламыз. Кейбiреулер «Қара жорға» қазақтың биi емес деп жүр. Осыны түсiндiрiп берсеңiздер.
Айгүл РАЙЫМҚҰЛОВА, Балқаш ауданы
«Қара жорға» – қазақтың байырғы билерiнiң бiр түрi. Бұдан басқа қазақта «Аю» биi, «Аққу» биi, «Қыз ұзату», «Көбелек», «Асау үйрету», «Киiз басу» деген тәрiздi дәстүрлi, тұрмыстық қимыл-әрекетке үйлесетiн ұлттық билер болған. «Қара жорға» биiнiң тарихы ХII ғасырдан әрiде жатқан көрiнедi. «Қара жорға» биiн соңғы бес-алты жылдың көлемiнде ғана Қытай қазақтары қайта жаңғыртып, сахналық үлгiсiн халық назарына ұсынып жүр. «Қара жорғаны» Қытай қазақтарының бәрi – жас та, кәрi де билейдi. «Қара жорға», негiзiнен, буын биi болып саналады. Бұл биде адамның барлық буыны толық қозғалысқа енедi. Мамандардың айтуынша, моңғолдың биiнде тек екi жауырын ғана қозғалады, қалған буындар қозғалмайды. Сондықтан қазақтың «Қара жорғасы» мен моңғолдың биi бiр-бiрiне ұқсамайтын екi бөлек дүние. Мысалы, өзбектiң биi мен ұйғырдың биi ұқсас. Бiрақ оны «бұл өзбектiкi емес, ұйғырдың биi» деп бiрiн-бiрiмен ешкiм шатастырмайтыны секiлдi, әр ұлттың биiнiң өзiндiк ерекшелiктерi бар.
«Қара жорға» – қазақтың биi
Последние статьи автора