Қазақтың әрбір сөзінің терең мән-мағынасы бары белгілі. Мені қаңтар айының атауы қайдан шыққаны қызықтырады. «Қаңтар» атауы қайдан шыққан?
Бейбіт ҚАЗАҚБАЙ, Солтүстік Қазақстан облысы
Ежелгі түркі күнтізбесіндегі реттік айлар мен мүшелдік айлардың аттары сол айлардың жыл ішіндегі орындарына байланысты түсіндіріледі. Мысалы, байырғы қазақ күнтізбесіндегі тоғыс айларының аттары Үркерді әр жаңасындағы Айдың «басып өткендігіне» қарай айтылса, жұлдыз айларының аттары шоқжұлдыздардың атауларынан шығады. Ал азаматтық ай аттарын тіл білімі тұрғысынан профессор Нұргелді Уәлиұлы талдаған болатын. Оның мәліметінше, қаңтар – күннің қаңтарылып байланып, одан әрі тұқырып, қысқара алмайтын айы. Қаңтарулы ат басының жерге жетпейтіні сияқты қаңтардағы күн көзі де одан әрі төмендеп, көкжиекке жақындай алмайды. Ғасырлар бойы аспанды бақылап, жазық далада өмір сүрген қазақ халқы күн қозғалысының бұл ерекшелігін ерте кезден-ақ аңғарған. Соған орай қыстың қаңтарылып тұрған кезін «қаңтар айы» деп атаған.
Қаңтар айының атауы қайдан шыққан?
Последние статьи автора