Қант диабетi тұқым қуалайтын ауру ма?
Менiң анам мен туған әпкем қант диабетiмен ауырады. Бұл ауру тұқым қуалай ма және түбегейлi емдеп жазуға бола ма?
Анар ӘБСЕМЕТҚЫЗЫ, Өскемен қаласының тұрғыны
Қазiргi таңда әлемде ресми түрде 246 миллион диабет ауруына шалдыққан науқастар тiркелген. Соның 152 000-ы – Қазақстанда. БҰҰ деректерi бойынша, дүниеде әрбiр 10 секунд сайын бiр диабетик көз жұмады. Ал Қазақстанда жыл сайын диабеттен 4,5 мың адам мерт болады. Қазақстандық эндокринологтар елiмiздегi қант диабетi ауруларының «жасарып» бара жатқанын айтуда. Бұл ауру өзiнiң емi жоқ болғанына қарамастан, адам ұзақ жылдар бойы өмiр сүре алады. Ол үшiн әр науқас ауру байқалған кезден бастап қажеттi дәрi-дәрмектердi қабылдап, дәрiгердiң қойған барлық талаптарын орындауы қажет. Фармацевтикалық компаниялар диабеттi емдеудiң жаңа және жетiлдiрiлген әдiстемелерiн ойластыруда. Бiрақ әзiрге түбегейлi емдеу мүмкiн болмай отыр. Дәрiгерлер бұл аурудың тұқым қуалайтынын, «ауырып ем iздегенше, ауырмайтын жол iздеудiң» маңыздылығын айтып, дабыл қағуда.