Қандала қандай жәндік? Қандаладан келер қауіп қандай және онымен қалай күресу керек?
Майсара БОТАШ, Шығыс Қазақстан облысы
Қажығали КАРДАСИНОВ, «Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» маманы:
– Қандала – қанмен қоректенетін қанатсыз паразит. Олардың белсенділігі түнгі уақытта артады. Күндіз зиянды жәндіктер кез келген қараңғы, бірақ жылы жерлерде ұйықтайды. Олар адам денесінің ашық жерлеріне жабысады. Егер аш болса, ол жарық уақытта да шабуыл жасауы ықтимал. Қандала шаққанда ауырсыну сезілмейді. Қандала, негізінен, ескі үйлерде жиі кездеседі. Егер бөлмелерде терең саңылаулары бар ағаштан жасалған еден болмаса, қандалалар жаңа бетоннан, монолиттен және кірпіштен салынған құрылыстарда тіршілік етпейді. Жәндіктің орташа тіршілік ету уақыты – 14 ай.
Қандаланың иіс сезу ағзасы жақсы дамыған. Бip қан сору кезінде қандала өз салмағынан екі есе көп қан сорады. Бұл қор оған тек бір тәулікке жетеді. Қандалалардың көбі адам қанымен қоректенеді, кей жағдайда малға, үй құстарына шабуыл жасайды. Кеміргіштер де олардың құрбаны болады. Сондықтан кей жағдайда кеміргіштерде кезігетін жұқпаны адамға жұқтыруы мүмкін. Тіршілік ету кезеңінде ересек жәндік 300-500 жұмыртқа салады. Толық жетілу циклы шамамен 40 күнді құрайды. Тіршілік етуге қолайсыз ортада жетілу ұзақтығы екі есеге артады. Қандала15°С температурада бip тәулік тіршілік етсе, 50 °С температурада тіршілігін жояды.
Қандала қызба, оба, бөртпе сүзегі сияқты қауіпті жұқпалардың тасымалдаушылары болып табылады. Дегенмен бұл ұйғарым ғылыми түрде дәлелденбеген.
Қандалаға қарсы қолданатын дезинфекциялық заттар: Сольфак EW 050 – майлы сулы эмульсия, Сольфак WP 10 – ылғалдандырылған ұнтақ, Байтекс ЕС-50 – концентратты эмульсия, Сенузан 48% – концентрат, Фуфанон – концентрат, Суматион НП 27,5% – концентратты эмульсия, Альфатрин – ылғалдандырылған ұнтақ, Дезар дуст – ұнтақ, Бриз 25% – сұйықтық.
Қандаламен күресу жолдары қандай?
Последние статьи автора