Қандаладан құтылудың қандай жолдары бар?

Мен қаладағы жеке секторда тұрамын. Осы көктемде үйде қандала пайда болып еді, қаншама амал жасасақ та кетпей қойды. Қандаладан құтылудың қандай жолда­ры бар екені жайлы мағлұмат берсеңіздер екен. Жалпы қандала қайдан пайда бо­ла­ды?
Баян,
Алматы қаласы
Жалпы, көп жағдайда қанда­ла­лар­дың көбеюіне тазалықтың дұрыс бол­мауы себеп болатын көрінеді. Яғни түн мезгілінде үй алдына тамақ қалдықтарын шығарып қоя салу қандалалардың пай­да болуына септігін тигізеді және олар­дың өніп-өсіп, көбеюіне жағдай туғы­за­ды. Ал олардан құтылу оңайға соқпайды. Олар кез келген нәрсеге, сондай-ақ химия­лық жойғыш­тар­ға да тез бейім­дел­гіш келеді. Сондықтан қандаламен күресте химия­лық жойғыш заттарды алмастыра пайда­лана отырып, бірнеше күн бойына залал­сыз­дандыру жұмыс­та­рын жүргізу керек. Сондай-ақ залал­сыз­дан­дыруды арнайы мамандарға сеніп тапсырған абзал. Біріншіден, қазір залал­сыздандырамын деу­шілер көп, ал олардың бәрі арнайы ма­ман емес. Екін­ші­ден, сақтық талап­та­рын дұрыс орын­дал­маған жағдайда, тұр­ғын­дар­дың химия­лық қоспалардан уланып қалуы ық­тимал.
Зарарсыздандыру:
Үйді залалсыздандыру жұмысын кеш­кі уақытта жүргізген жөн. Өйткені кешке өңдеуден өткізген соң, таңертең бөл­мелер­ді тазалап жуып, терезелерді ашып, жел­де­тіп алуға ыңғайлы. Химия­лық өнімдерді шкафтар мен буфеттің іргі жақ­тағы қабыр­ғаларына, үстелдердің, сөрелердің төменгі жағына жағу қажет. Едендегі саңы­лау­ларға, құбыр жүйелеріне арнайы сұйықтықты құйып, су мен газ құбырларын, пештер мен газ плиткаларын тозаңдандыру керек. Ал таңертең ыстық сумен мұқият жуып алу – шарт. Зиянды жәндіктерге қарсы күресте пайдаланып жүр­ген химиялық өнімдерді ауыстырып қолданған жөн, өйткені иіске жәндіктер үйреніп алады.
ҚР ДСМ МСЭҚК «Алматы қаласының дезинфекция станциясы» РМҚК-ң мамандары, Тынысбекова Ж.Қ. Разяпова Д.Р.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста