Алматының шетінен жер үй сатып алып едім. Қандала деген көп екен. Улайтын дәрі сеуіп көрдік, кетер емес. Одан қалай құтылуға болады?
Жазира, Алматы қаласы
А.М.КУРБАНОВ, «Алматы қаласының дезинфекция станциясының» РМКҚ маманы:
- Жалпы, қандаланың қырық мыңнан аса түрі бар. Ал, Қазақстанда 32 тұқымдасы, 370 туысы, 1500 түрі бар. Негізгі тұқымдастары су қандалалары, ескекшілер, төсек қандалалары т.б. Қандала – қанмен қоректенетін қанатсыз паразит. Олардың белсенділігі түнгі уақытта артады. Күндіз зиянды жәндіктер кез келген қараңғы, бірақ жылы жерлерде ұйықтайды. Олар адам денесінің ашық жерлеріне жабысады. Егер аш болса, ол жарық уақытта да шабуыл жасауы ықтимал. Қандала шаққанда ауырсыну сезілмейді.
К.К. КАРДАСИНОВ, «Алматы қаласының дезинфекция станциясының» РМКҚ маманы:
- Қандала негізінен, ескі үйлерде жиі кездеседі. Егер бөлмөлерде терең саңылаулары бар ағаштан жасалған еден болмаса, қандалалар жаңа бетоннан монолиттен және кірпіштен салынған құрылыстарда тіршілік етпейді. Жәндіктің орташа тіршілік ету уақыты 14 ай. Қандаланың иіс сезу ағзасы жақсы дамыған. Бір шаққанда, қандала өз салмағынан 2 есе көп қан сорады. Бұл қор оған бір тәулікке жетеді. Қандалалардың көбі адам қанымен қоректенеді. Кей жағдайда малға, үй құстарына шабуыл жасайды.Кейде кеміргіштер де олардың құрбаны болып жатады. Сондықтан кей жағдайларда кеміргіштерде кезігетін жұқпаны адамға жұқтыруы мүмкін. Тіршілік ету кезеңінде ересек жәндік 300-500 жұмыртқа салады. Толық жетілу циклы шамамен 40 күнді құрайды. Тіршілік етуге қолайсыз ортада жетілу ұзақтығы 2 есеге артады.
А.Г. Матвеева, «Алматы қаласының дезинфекция станциясының» РМКҚ маманы:
Қандала 15С температурада тіршілігін жояды. Қандала қызба, оба, бөртпе сүзегі сияқты қауіпті жұқпалардың тасымалдаушылары болып табылады. Дегенмен, бұл ұйғарым ғылыми түрде дәлелденбеген. Қандаланы жою үшін әуелі олардың көп жерін анықтап алу қажет. Үйдегі жиһаздардың қуыс – қуыстарын, қабырғаны, еденге төселген төсеніштердің тігістері мен шет-шетін, плинтустарды тағы басқа жерлерді мұқият қарап шығу керек. Егер үйге жөндеу жүргізілетін болса, алдын ала қарап, дезинфекция жасау керек. Қандаланы құрту үшін Алматы қаласының дезинфекция станциясына келігеніңіз дұрыс. Мамандар үйіңізге барып, өздері дезинфекция жасайды.