Жолдасыммен Батыс Қазақстан облысына «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы бойынша жұмысқа баратын ойымыз бар. Қандай құжаттар қажет және оларды қайда өткізу керек?
Гүлбақыт, сайтымызға пікір қалдырған оқырман
«Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы бойынша жергілікті әкімдікке немесе «Нұр Отан» ХДП аумақтық бөлімшесіне төмендегі құжаттарды тапсыру қажет: 1) Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; 2) Жаңа жұмыс орнының кадрлық қызметімен расталған еңбек кітапшасының көшірмесі; 3) Азаматтарды тіркеу кітабының немесе сол жерде тұратынын растайтын анықтаманың көшірмесі; 4) Білімі туралы дипломның көшірмесі. Тұрғын үйді несиеге алу туралы өтініш білдіру үшін бұған сатып алу–сату шарты мен сатып алынатын үйді бағалау актісі қосылады. Осы құжаттардың негізінде арнайы комиссияның ұсынуымен аудандық әкімдік маманға тұрғын үй алу үшін несие беру туралы қаулы шығарады. Берілмейтін жағдайда маманға нақты жауап қайтарылады.
Қандай құжаттар қажет?
Последние статьи автора