Қандай дипломатиялық дәрежелер бар?
Дипломатиялық дәрежелер қалай пайда болды және елімізде қандай дипломатиялық дәрежелер бар?
Асхат ЖАЙЛАУБЕКОВ, Алматы
Дипломатиялық дәреже – дипломаттарға атқарып жүрген қызметтеріне қарай үкімет тарапынан берілетін ерекше белгі. Дипломатиялық дәреже алғаш рет ХІІІ ғасырда Батыс Еуропада ambassador деген атпен пайда болды. ХV ғасырдың аяқ кезінде дипломаттар екі дәрежеге – амбассадор және мандатариоға бөлінді, ал ХVІІ ғасырда оған қосымша «елші уәкіл» деген ұғым пайда болды. Қазіргі кезде көптеген мемлекеттің заңдары бойынша мынадай дипломатиялық дәрежелер қарастырылған: атташе, хатшы, кеңесші, уәкіл немесе елші. Бұған қоса аталған дәрежелердің сатылары болуы мүмкін. Мысалы, І класты кеңесші, ІІ класты кеңесші және т.б. Елшінің немесе уәкілдің қызмет атақтарын әдетте Мемлекет басшысы береді, ал басқа қызмет дәрежелерін сыртқы істер министрі өзі бекітеді.
ҚР 1997 жылы 12 қарашада қабылданған «Дипломатиялық қызмет туралы» Заңы бойынша, төмендегідей дипломатиялық дәрежелер белгіленген:атташе; ІІІ хатшы; ІІ класты ІІ хатшы; ІІ класты І хатшы; ІІ класты кеңесші; І класты кеңесші; ІІ класты төтенше және өкілетті уәкіл; І класты төтенше және өкілетті уәкіл; төтенше және өкілетті елші.