Қан тобының мінезге әсері бар ма?

Естуімше, адамның мінезіне оның қан тобының (І,ІІ,ІІІ, ІV) әсері болады екен. Мінездегі ерекшеліктер туралы жазсаңыздар.
Бауыржан Өсекбаев,
Алматы қаласы

 Мамандардың айтуынша, адамның қан тобы оның мінезіне әсер етуші бірден-бір фактор болып табылады. Мысалы, қан тобы біріншіге жататын адам­­дар рухани мықты болып келеді. Өмірге құш­тар, әрқашан көшбасшылыққа ұмтылатын, бі­рақ өздеріне айтылған сынды аса қабылдай бер­мейтін жандардың көбіне қаны бірінші топтан бо­ла­ды. Қаны екінші топтағылар – өте ұқыпты, істері жүйелі және ұйымдастырушылық қабілеті жоғары адам­дар. Олардың мінездері жайлы бол­ған­дықтан кез келген ортаға сіңіп кете алады.

Тағы бір ерекше­лік­тері олар қиналса да, қуанса да сырт­қа аса білдіре бермейді. Бірақ қатты ашуланса, тау қопарарлық мінезі бар. Үшінші топтағы қан ие­лері – нағыз шы­ғар­машылық адамдары. Жан дүн­иесі қиялға бай және арманшыл адамдардың қаны көбіне үшінші топтан болады екен. Олар өздері қолға алған іске барынша фантазиямен кіріседі. Бір кемшілігі – өте тұйық, адамдармен тіл табысуы қиындау. Көпшілік ортадан гөрі оңаша­ланғанды ұнатады. Ең сирек ұшырасатын қан тобы – төртінші топ. Бұл қан тобы­ның иелері – ерекше ұйымдастырушылар. Мінезі ашық-жарқын, ақ көңіл болғандықтан олар көбі­несе көпшіліктің орта­сында жүреді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста