Мені қамшыгерлік өнері қызықтырады. Қамшыны жұмсаудың түр-түрі болады дейді. Соны тарқатып айтып берсеңіздер екен.
Ерлан ИСАН, Батыс Қазақстан облысы
Қамшыгерлік – қазіргі уақытта ұмытылып қалған ұлттық өнердің бір түрі. Қамшымен соғудың, ұрудың көптеген әдісі болған. Мәселен, олар: қамшы үйіру, қамшы білеу, қамшымен жасқау, сипай қамшылау, батыра қамшылау, орап тарту, шықпырту, оса тарту, тіле тарту, баса тарту, көсіп жіберу, серпе тарту, көсите тарту, салып қалу, сілтеп қалу. Қамшыгерлер қамшымен жақсылап соққанда көң терілер екіге қақ айырылатын көрінеді.
Қамшыны қолданудың түрлері қандай?
Последние статьи автора