Мен қайтыс болған қызымның баласын асырап отырмын. Күйеу балам үйленіп, басқа отбасын құрған. Немерем мектеп жасына келіп қалды. Осы немеремді өз қамқорлығыма алып, өз атыма жаздырсам деп едім. Ол үшін не істеуім керек?
Бұл сауалға Алматы қаласы Білім басқармасы Мектепке дейінгі және интернат мекемелері бөлімінің бастығы Қорлан Алтынбекқызы жауап береді:
– Егер де немереңіздің әкесінің келісімі болған жағдайда тұрғылықты жеріңіздегі Білім басқармасының Қорғаншылық немесе қамқоршылық органына барып, тиісті құжаттарын рәсімдеуіңізге болады. Ал егер де баланың әкесі келісімін бермесе, онда мәселені сот арқылы шешу керек. Бұл жағдайда әкесінің бала тәрбиесіне қатыспай отырғаны нақтыланса және сіздің материалдық жағдайыңыз ескеріліп, іс сіздің пайдаңызға шешілуі мүмкін.