Астанадағы Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ музыкалық драма театрын «Қаллеки театры» деп атайды. Осы театрдың тарихы мен «Қаллеки» туралы білгім келеді.
Назым Оралқызы, Қарағанды қаласы
Қазақ театр өнерінің негізін қалаушылардың бірі Қалибек Қуанышбаев (1893-1968) Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы Сарытау (қазіргі Мартбек Мамраев) ауылында туған. Талантты актер М.Әуезовтің «Абай» спектаклінде Абай, Құнанбай, Ғ.Мұстафиннің «Миллионерінде» Жақып, «Ақан-сері «Ақтоқтыда» Мылқау, Гогольдің «Ревизорындағы» Дуанбасы тағы басқа да күрделі бейнелерді сомдаған. 1913 жылы патша жарлығына байланысты әскерге шақырылып, қара жұмысқа майданға аттанды. Қ.Қуанышбаев 1920 жылы Қарқаралыда Қазақстанның Автономия болып құрылуына орай ұйымдастырылған концертке Ә.Қашаубаев, И.Байзақов, Ғ.Айтбаев, Майра, Қажымұқандармен бірге қатысып, осы тойдан соң 1925 жылы Қызылордада ашылған тұңғыш қазақ театрына шақырылды. Әріптестері оны Қалибек, Қаллеки деп атаған. Ол әзілқой, сөзге шешен ғана емес домбыра, гармон, сырнай, мандолин аспаптарында шебер ойнаған.
Қалибек – Қаллекидің актерлік өнерімен қоса қиыннан қиыстырып өлең шығаратын ақындық, жазушылық өнері де болған. Ол жазушы Шахмат Құсайыновпен бірігіп «Шаншарлар» атты пьеса жазған. Бүкіл өмірін өнерге арнаған Қ.Қуанышбаевтың еңбегі бағаланып Кеңес Одағының, Қазақ КСР-і Халық әртісі, екі Ленин және Еңбек Қызыл Ту ордендері мен медальдарымен марапатталған. Ал, Астанадағы Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ музыкалық драма театры 1991 жылы 15 қарашасында ашылған.
Қаллеки деген кім?
Последние статьи автора