Қаллеки деген кім?

Қаллеки деген кім?

Астанадағы Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ музыкалық драма театрын «Қаллеки театры» деп атайды. Осы театрдың тарихы мен «Қаллеки» туралы білгім келеді.
Назым Оралқызы,
Қарағанды қаласы
Қазақ театр өнерінің негізін қалаушылардың бірі Қалибек Қуанышбаев (1893-1968) Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы Сарытау (қазіргі Мартбек Мамраев) ауылында туған. Талантты актер М.Әуезовтің «Абай» спектаклінде Абай, Құнанбай, Ғ.Мұстафиннің «Мил­лионерінде» Жақып, «Ақан-сері «Ақтоқтыда» Мылқау, Гогольдің «Ревизорындағы» Дуанбасы тағы басқа да күрделі бейнелерді сомдаған. 1913 жылы патша жар­лығына байланысты әскерге шақырылып, қара жұ­мысқа майданға аттанды. Қ.Қуанышбаев 1920 жылы Қарқара­лыда Қазақстанның Автономия болып құрылуы­на орай ұйымдастырылған концертке Ә.Қашаубаев, И.Байзақов, Ғ.Айтбаев, Майра, Қажымұқандармен бірге қатысып, осы тойдан соң 1925 жылы Қызылордада ашылған тұң­ғыш қазақ театрына шақырылды. Әріптестері оны Қали­бек, Қаллеки деп атаған. Ол әзілқой, сөзге шешен ғана емес домбыра, гармон, сырнай, мандолин аспаптарында шебер ойнаған.
Қалибек – Қаллекидің актерлік өнерімен қоса қиын­нан қиыстырып өлең шығаратын ақындық, жазу­шы­лық өнері де болған. Ол жазушы Шахмат Құсайыновпен бірі­гіп «Шаншарлар» атты пьеса жазған. Бүкіл өмірін өнерге ар­наған Қ.Қуанышбаевтың еңбегі бағаланып Кеңес Ода­ғының, Қазақ КСР-і Халық әртісі, екі Ленин жә­не Еңбек Қы­зыл Ту ордендері мен медальдарымен ма­ра­патталған. Ал, Астанадағы Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ музыкалық драма театры 1991 жылы 15 қарашасында ашылған.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста