Қалдаяқ ұста болған ба?

Шәмші Қалдаяқовтың ата-анасы кім болған? Атақты композитордың әкесі ұста болған деседі. Солар туралы аз-кем дерек берсеңіздер.
Айдар,
Қарағанды облысы
Осыдан біраз жыл бұрын «Арыс» баспасынан «Отырар-Түр­кістан кітапханасы» сериясымен Абдулла Жұмашевтің «Қалдаяқ ұста – Шәмшінің әкесі» атты этно­г­рафиялық кітабы жарық көрген.
Аталған кітаптағы деректерге сүйенсек, әйгілі композитордың әкесі Қалдаяқ – шебер ұста болған, ұлттық өнерге етене жақын болған адам. Еңбегін ел ескеріп, кезінде ол Ленин орденімен марапаттал­ған. Қалдаяқ 1891 жылы қазіргі Жамбыл облысының Сарысу ауда­нында туған. 1976 жылы оңтүс­тіктегі «Темір» совхозында қайтыс болған. Бұл жер қазір Шәмші ауы­лы деп аталып кеткен. Кітапта  Қал­даяқ ұстаның өз қолымен жа­саған бірқатар бұйымдарының фо­тосуреттері берілген. Шебер ұста ағаштан, темірден, теріден, сүйек пен мүйізден алуан түрлі ғажап бұйымдар жасаған. Бұл шағын еңбекте қазақтың біртуар композиторы Шәмшінің әкесі Қалдаяқ Домбаевтың өмір жолы баяндалған. Кітап авторы бұл зерттеуін  Қалдаяқтың жеке қол­жаз­балары мен мұрағат құ­жаттарына және туыстары мен көз көргендердің естеліктеріне сүйеніп жасаған. Қалдаяқ ұста мен Сақыпжамалдың отбасында бес ұл-қыз өсіп-өнген. Олар – Тұмар­күл, Шәмші, Раушан, Қадір және Райхан. Шәмшінің анасы 1959 жы­лы дүние салған, әпкесі Тұмар­күл де бүгінде өмірде жоқ.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста