Қаламсап тарихы жайлы білгім келеді. Жазу мәнерін дамыту, әдемі жаза білу үшін қандай кеңестер бар?
Нәзира Досан, Орал қаласы
Б.з.д. шамамен 1300 жылы римдіктер балауыз қолданды. Балауыз арқылы жазатын құрал «стилус» деп аталады. Ал қытайлықтар бұл кезде қола стилустарды қолданды. Б.з.д. 600-1800 жылдары қаздың қауырсыны қолданылды. Қауырсын рекордты түрде XVIIІ ғасырға дейін өмір сүрді. Шамамен 1790 жылы австриялықтар және француздықтар қаламға арналған гриель ойлап тапты. 1803 жылы қаламсапқа арналған қауырсын пайда болды. 1884 жылы Левис Эдсон Ватермен сия құюға болатын қаламсапты ойлап тапты. 1888 жылы Джон Лоуд АҚШ-та шарикті қаламсап жасады. 1945 жылдың қазан айында Нью-Йорктегі жәрмеңкеден кейін шарикті қаламсап үлкен сатылымға ие болды. 1953-1983 жылдары АҚШ-та 7 миллиард қаламсап сатылған. Әдемі жаза білу үшін қаламсап түрлерін өзгертіп, қолдың еттері жақсы жаттығу үшін әртүрлі формадағы қаламсап түрлерін пайдаланған жөн. Мысалы, ауыр, жеңіл, жұқа тағы басқа. Арзан бағадағы қаламсапты қолданбау керек. Қаламсап түрлерін алмастырып тұру ләзім.
Қаламсап қай кезден бері бар?
Последние статьи автора