Қайызғақтан қалай құтылуға болады?

Соңғы кездері басымда қайызғақ пайда бола бастады. Түрлі арнайы шам­пуньдарды қолдандым, нәтиже шамалы. Мұның себебі неде және одан қалай ары­­луға болады?
Дана Нұрбекова,
Қарағанды қаласы

Мамандардың айтуынша, бас терісіне ауа өткізбей, соның салдарынан шаштың әлсіреуіне әкеп соқтыратын қайызғақтан жер бетінде әрбір үшінші адам зардап шегеді. Негізінен, қайызғақ шашты дұрыс күтпеген­нен, ағзадағы зат айналымының бұзылуынан, жүйке жүйесінің зақымдануынан және дәрумендердің жетіспеушілігінен пайда болады. Қайызғақты кетірудің бірнеше жолы бар. Ол – ең алдымен, толыққанды демалыс пен дұрыс тамақтану. Ащы, тұзды, майлы және қуырылған тағамдарды тұтынуды азай­ту керек. Сол сияқты көмірсуға бай өнімдерді, яғни тәттілер мен ұннан жасалған тағамдар­ды да аз жеген абзал. Оның есесіне ас мәзі­ріңізде сүт өнімдерін, көкөністер мен жеміс-жидектер қорын молайтсаңыз, құба-құп болады. Тағы бір айта кететін жайт, қайызғақ жұқпалы болып келетіндіктен, жеке бас гигиенасын қатаң сақтау қажет. Яғни шаш күтіміне арналған құрал-жабдықтарды жеке өзіңіз пайдаланғаныңыз дұрыс.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста