Көптеген адам науқас немесе қайтыс болған туыстары мен достарының заттарымен не істеу керегін білмей жатады. Оларды кию немесе басқаларға беру қаншалықты жөн деп бас қатырады. Мұндай ойдың туындауына адамдар арасында тараған дұрыс емес түсінік себеп, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Вugin.kz-ке сілтеме жасап.
Адамға тиесілі заттар - ол туралы белгілі бір естеліктер қалған жалғыз материалдық тасымалдаушы. Кең таралған қате түсінікке сәйкес, ауру адамдардың заттарында "теріс энергия" қалатындықтан, оларды кейінірек пайдаланған адамға кері әсер етуі мүмкін.
Қазақ халқында бұл мәселеге қарапайым қарайды. Қайтыс болған туыстарының киімдерін жақындарына таратып, марқұмды еске алып, дұға бағыштап еске алу дәстүрі бұрыннан қалыптасқан.
Адамның киімінен және жеке заттарынан туындауы мүмкін жалғыз нақты қауіп - кейбір жұқпалы аурулар. Сондықтан, әрине, бұл заттармен жанасудан медициналық себептерге байланысты аулақ болу керек.
Сондай-ақ, психологтар мен психотерапевтерден науқас пен марқұмның заттарын қолданбау туралы кеңестерді естуге болады. Көбісі эмоционалды күйзелісті және жақыныңнан айырылудың ауырсынуын күшейтпес үшін заттарды сақтауды ұсынбайды. Және бұл ешқандай "жаман энергиямен" байланысты емес.
Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz