«Қайрат» КСРО құрамасынан ұтылды
Алматыда «Қайрат» клубының ардагерлері КСРО құрамасымен (ардагерлерімен деген дұрыс шығар) кездесіпті. Осы ойында 1:0 есебімен КСРО ардагерлері жеңіске жетіпті. Екі команданың құрамында кімдер ойнағандығын білейін десем, қазақстандық басылымдар тек ойын барысы туралы жазыпты. Командалар құрамын еш жерден кездестіре алмадым. Сіздерден сұрайын дегенім, осы ойындағы командалар құрамын толық жариялай аласыздар ма?
Боранбай ҚҰРМАНҒАЛИЕВ, Қарағанды облысы
«Қайрат» клубы мен КСРО ардагерлері арасындағы ойын Алматыдағы Орталық стадионда өтті. Бұл ойында 1:0 есебімен қонақтар жеңіске жетті. Жалғыз голды кезінде КСРО құрамасы сапында зымырандай зырлаған Игорь Беланов соқты. Жасыл алаңда екі команда сапында мына ардагер-футболшылар өнер көрсетті:
КСРО құрамасы (ардагерлер): Сейілдә Байшақов, Евгений Яровенко, Вахид Масудов, Евстафий Пехлеваниди, Валерий Новиков, Игорь Беланов, Юрий Гаврилов, Олег Романцев, Вагиз Хидиятуллин, Александр Тарханов, Георгий Ярцев, Юрий Ковтун, Сергей Агашков, Ренат Атаулин, Александр Дозморов, Валерий Шмаров, Виктор Булатов, Христофор Михайлиди.
«Қайрат» (ардагерлер): Құралбек Ордабаев, Ахметжан Есімов, Сейілдә Байшақов, Александр Убыкин, Юсуп Шадиев, Сергей Волгин, Вахид Масудов, Фанас Салимов, Виктор Катков, Михаил Гурман, Қайрат Айманов, Ғани Қайназаров, Болат Есмағамбетов, Сергей Жуненко, Сергей Кулинич, Александр Куклев, Алексей Клишин, Роман Вороговский, Юрий Найдовский, Эдуард Глазунов, Нуриддин Хасанов.
Өздеріңіз де байқап отырған боларсыздар, бұл кездесуде бір ғана адам кәсіби футболшы болмаған. Ол – Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов. Бірақ «Қайрат» футбол клубының баспасөз қызметі әкімді бірінші таймдағы үздік ойыншы ретінде айрықша атап отыр.