«Қайрат» академиясы қашан ашылады?

Алматыда «Қайрат» футбол клубының балалар академиясы ашылады деп естіп едім. Ол қашан ашылады? Білейін дегенім, академияға баламды апарсам қабылдай ма?
Әлия ТЕМІРБЕКОВА,
Алматы қаласы
Алматыда «Қайрат» футбол клубы­ның балалар академиясы ашылды. Қала әкім­дігі баспасөз қызметінің ха­бар­ла­уын­ша, футбол құрамасының бұ­рынғы базасынан ашылған академия­да 8 бен 13 жас ара­лығындағы бала­лар тәлім алады.
Біз балаларды кішкентай күнінен спорт­қа баулу мақсатында Каблуков кө­ше­сіндегі танымал базамызды қал­пына келтіріп, іске қосып отырмыз. Мақ­саты­мыз – алдағы уақытта әлемдік аре­наларға шығу. Бұған біздің қала­мыз­дың мүмкіндігі жетеді және осы мақ­сатқа жетеміз деп ойлаймын», – деді академияның ашылу салтанатында сөз алған қала әкімі Ах­мет­жан Есімов.
Мәлімдемеге сүйенсек, академияға ба­лаларды іріктеу үшін ашық есік күндері өтіп, клубта балаларға арнап се­лекция­лық тексеру өтеді. Тексеру нә­ти­жесі бо­йын­ша дарынды жеткін­шек­тер «Қайрат» академиясында тәлім алу­ға мүмкіндік алады..
Екі гектардан астам аумақты алып жат­қан нысанда үш ойын алаңы орна­лас­қан. Сонымен қатар, онда қысқы манеж бен себезгі бөлмелері, оқу зал­дары, екі меди­циналық қосын, гимнас­ти­ка және жаттығу залдары бар.
Ашық есік күндері тамыздың 10-ы мен 11-іне жоспарланған. Бірінші күні 2001-2003 жылғы жеткіншектер ара­сында ірік­теу жүргізілсе, екінші күні 2004-2007 жыл­ғы балдырғандар ара­сында селек­ция­лық іріктеу өтеді. Толық мәліметті білу үшін «Қайрат» футбол клу­бының баспасөз қызметіне хабар­лас­қандарыңыз жөн.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста