Теңгемен салыстырғанда, шетелдік ең арзан және қымбат валюталар қандай? Мұндай деректі қайдан табуға болады?
Бұл деректі Ұлттық банктің www.nationalbank.kz сайтынан көре аласыз. Қазақстан қор биржасында тек доллар мен евро саудаланатындықтан өзге валюталардың бағамы доллар құны арқылы, яғни кросс курсы әдісімен есептеледі. Бейсенбі күнгі бағамға сәйкес, ең арзан валюталар беларусь рублі (0.06), өзбек сомы(0.10), венгр форинті (0.82), қырғыз сомы (3.46), ресей рублі (5.16) және чех кронасы (8.49) екен. Яғни 1 беларусь рублін алу үшін 6 тиын жеткілікті, ал чех валютасы үшін 8 теңге 49 тиын шығару керек. Сонымен қатар көп теңге төлеуді қажет ететін шетел ақшаларын айта кетейік: 1 кувейт динары (527), латыш латы (315), ағылшын фунт стерлингі (246), евро (223), АҚШ доллары (150), Канада доллары (140).