Менің білгім келетіні, жер шарындағы алты құрлықтың қайсысында мемлекеттер көп?
Рауан, Алматы
Антарктидада ел жоқ екенін ескерсек, жер шарының тек бес құрлығында мемлекеттер орналасқан. Сіздің сұрағыңызға нақты жауап беру үшін гоеграфиялық анықтамалар мен энциклопедияларды қарап шығуға тура келді. Егер мемлекет, арал елдерімен қосып есептесек, Еуразия құрлығындағы мемлекеттер саны бәрінен көп екен. Еуропа мен Азияның қосындысынан тұратын континентте 99 мемлекет бар. Екінші орын қара құрлыққа тиесілі. 68 ел өмір сүретін Африкада аралдар көп екенін де айта кеткен жөн. Халықаралық саясаттың 23 субъектісі бар Солтүстік Америка – ел жағынан үшінші сатыда. Ал Оңтүстік Америкада 15 мемлекет қана бар. Австралия құрлық-мемлекет болғандықтан, жасыл континенттен бір ғана мемлекеттің туы желбірейді.
Қай құрлықта мемлекет көп?
Последние статьи автора