Туризм саласын қарқынды дамытқан мемлекеттер жайлы білгім келеді.
Кемел, Тараз қаласы
БҰҰ жанындағы Бүкіләлемдік туризм ұйымының мәліметіне сүйенсек, әлем бойынша туристер ең көп келетін ел – Франция Республикасы. Халқының саны 66 миллионды құрайтын Францияны жыл сайын орта есеппен әлемнің әр бұрышынан 83 миллион адам тамашалауға келеді. Ал екінші орында жылына 67 миллион туристі қабылдауға қауқарлы АҚШ мемлекеті тұр. Үшінші және төртінші орындарды Испания мен Қытай бөліскен. Бұл елдерде орташа есеппен 57,7 миллион адам демалады екен. Ал бестікті Италия мемлекеті 46,4 миллион туриспен қорытындылап тұр. Ал жекелеген қалалар бойынша ең көп турист келетін қала – Бангкок. Бұл қала жылына 15,98 млн қонақты күте алады. Десе де, мамандар биылғы жылы біріншілік Лондон қаласына бұйыруы мүмкін екенін айтады. Өйткені Лондон осы жылдың алғашқы жартысында келушілер санын 8 миллионға жеткізген. Бұл көрсеткіш жыл аяғына дейін екі еселенсе, Лондонның айы оңынан тууы әбден мүмкін.
Қай мемлекеттердің туризмі қарқынды дамыған?
Последние статьи автора