Қай гүлді кімге сыйлау керек?

  • 30

Сіз гүл сыйлағанда гүлді дұрыс таңдай аласыз ба? Әр гүлдің өзінше тілі болады.

Азалия (декорациялық өсімдік) — нәзік, адал, тұрақты әйелдерге тән гүл. Бұл гүлді сіз өзіңіздің сүйік­­тіңізге, мені күтуге дайын бол деген оймен сыйлады деп тү­сінеді. Себебі ер адам бұл гүл­ді қызға сый­лағанда ол өзі үшін қайталанбас, ерекше адам екендігінен хабар береді

Мамыргүл — акация (ақ гүлді, хош иісті ағаш) — жасырын ма­хаббат.

Кептірілген гүлдер шоғыры — жауапсыз махаббат. Қаламайтын адамыңыз мазаңызды алса, оған осындай гүл шоғырын сыйға тарт­саңыз, өзіне көңілі толмайтын­дығын бірден түсінеді.

Гардения — жасырын, тылсым махаббат, сен көріктісің деген ма­ғынада сыйланады.

Қалампыр гүл — абырой, намыс мағынасын береді. Әйел­дерге тән махаббат белгісі. Қалам­пырдың әр түсі әртүрлі сыр береді.
Мысалы: ақ қалампыр – ол біреуге армандаған арманына жетуге тілек тілеу мағынасында. Сізге ақ қалам­пыр сыйлаған адам сізді өте по­зитивті адам ретінде қабылдайды. Ал сары қалампыр сыйға ал­са­ңыз сізді ол адамға сеніммен қа­рауыңызға шақырғанының белгісі.
Қызыл қалампыр сыйға тартса онда жеңіс пен табыс сіздің жағы­ңызда дегенді білдіреді. Қызыл қалампыр шоғырын көбіне сыйлы, құрметті немесе бастығыңызға сыйға тартқан абзал. Сүйіктіңізге де қызыл қалам­пыр аралас гүл сыйласаңыз болады.

Күлгін қалампыр гүлі ол ана махаббатының белгісі. Шетелдерде күлгін түсті қалампырды аналар күніне сыйлайды.

Сүмбіл гүл (Гиацинт) — бұл гүл­дің қандай түрін сыйлағанына қарай да бөлінеді. Дегенмен, мұн­дай гүл сыйлайтын адаммен өмірі­ңіз ашық та, жарқын болары сөзсіз. Егер алған гүліңіз ақ сүмбіл бол­­са онда ол тұрақтылықтың бел­гісі. Мен сенің тұла бойыңа тәнті­мін, өмір бойы сен үшін тілек тілеймін дегенді білдіреді.

Гладиолус — бұл гүлді сыйға тартқан адам батыл әрі сенімді серік десе де болғандай.

Глоксиния — бір көргеннен ғашық болуды білдіреді.

Шығыс гүлі (Гортензия) — мені есіңде сақта деген мағынаны біл­діреді. Әрқашан үміт пен ұяңдық қатар жүреді. Халық арасында осы гүлдің ауру мен бақытсыздықты алас­­тауға әсері бар деп те айты­лады.

Ақтамақгүл — Жасмин (хош иісті, көрікті, ақ гүлді бұта) — сезім­талдық пен әйелге тән нәзік­тіктің символы. Үнділіктер жас­мин­ді махаббаттың жарық жұл­дызы деп атайды.

Лаванда — бұл гүлді сыйлағы­ңыз келген жанды ешқашан ұмыт­пайтындығыңызды айтқыңыз келетіні айқын. Ал гүліңіз ақ түсті болса, арман-тілектің орындалуы.

Лалагүл (лилия) – бұл гүлді көне римдіктер байлық пен қазынаның белгісі ретінде бағалап, тіпті оны тиындарының бетіне түсірген.

Ал көне Египетте дүниеден ерте қайт­қан қыздың денесін осы гүлмен көр­кемдеген екен. Германиялық­тардың сенімі бойынша, бұл гүл өзін-өзі өлтірген немесе қастан­дықпен өлтірілген адамның мүр­десінде өседі деген сенім бар. Француздар болса лалагүлді өте жақсы көреді. Оған дәлел – Фран­цияның көне елтаңбасы. Егер осы елге барғаныңызда сізге лала гүл сыйласа онда сізге де құрметі деп қабылдағаныңыз жөн.

Ақ раушан — кіршіксіз таза­лық­тың белгісі. Сонымен бірге құпия сырлы адамдарға тән.

Сары раушан — бақыт, қуаныш. Егер қызыл раушан гүлімен сары раушан аралас сыйланса әдемілік пен құштарлық қатар жүреді.

Қы­зыл раушан гүлі махаббат, жүректегі сезімді білдіреді. Тойға сыйланатын раушан гүл бақытты махаббаттың белгісі. Біз әрқашан біргеміз.

Бөртегүл (Сирень) — әдемілік пен махаббаттағы бірінші сезім айту сыры. Сирень ақ болса бірін­ші махаббат, күлгін болса махаб­баты жайында сыр ашу, сезімін біл­діру, күлгін сирень менің жүре­гім саған аманат деген мағынада.

Қызғалдақ (Тюльпан )— мұндай гүл таза махаббаттың символы. Сары түсті сенің күлкің күлген күн­дей сыңғырлайды деген мағынаны білдіреді. Қызыл түс – өз сезімін сүйіктісіне түсіндіру, сезімін жет­кізу. Ежелгі Шығыста гүлдің түсін жылдың мезгіліне сай таңдаған — солғын түсті гүлдерді — қыстың күндерінде, ақшылдарын — күзде, көк гүлдерді көктемде және қызылдарын жазда сыйлау дәстүрі болған.

Дереккөзі: аikyn.kz  

Автор
Последние статьи автора
  • 332
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
  • 476
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста