Қазіргі кезде көп ел өлім жазасынан түбегейлі бас тартып жатыр. Ал қай елдерде өлім жазасы күшінде қалды?
Мейрам Әліпбеков, Алматы
Amnesty International ұйымының мәліметі бойынша, 139 ел өлім жазасынан бас тартқан. 2010 жылы Габон елі барлық қылмыстар бойынша өлім жазасын алып тастады. 2010 жылы әлемнің 23 елінде 527 тұтқын өлім жазасына кесілді, ал 67 елде 2 024 адамға өлім жазасын беру туралы үкім шығарылған. Қазіргі кезде әлем бойынша 17 833-тен астам адамға өлім жазасы берілген. Ал әлемде өлім жазасын толық қолданатын елдер мыналар: Ауғанстан, Антигуа және Барбуда, Багам аралдары, Бахрейн, Бангладеш, Барбадос, Белоруссия, Белиз, Ботсвана, Чад, Қытай, Комор аралдары, Конго, Куба, Доминикан республикасы, Мысыр, Экваторлық Гвинея, Эфиопия, Гвинея, Гайана, Үндістан, Индонезия, Иран, Ирак, Ямайка, Жапония, Иордания, Кувейт, Ливан, Лесото, Ливия, Малайзия, Моңғолия, Нигерия, Солтүстік Корея, Оман, Пәкістан, Палестин Автономиясы, Катар, Сент-Киттс және Невис, Сент-Люсия, Қасиетті Винсент және Гренадина, Сауд Арабиясы, Сьерра-Леоне, Сингапур, Сомали, Судан, Сирия, Тайвань, Таиланд, Тринидад және Тобаго, Уганда, БАӘ, АҚШ, Вьетнам, Йемен, Зимбабве.
Қай елдерде өлім жазасы толық қолданылады?
Последние статьи автора