1. Басшы
Мұндай адамды әдетте басқарып, көшбасшы болуға ұмтылатын жандар салады. Олар кез келген ситуацияға икемделіп, табысқа жетуге мүмкіндік алады. Бұл қасиетін көпшілік адамдар көтере алмайтындықтан, дұшпандары көп болады.
2. Жауапкершілігі мол
Жоғарыда аталған басшыға қатты ұқсайды. Бірақ ол секілді ерік-жігері жоқ. Сондықтан, бұл адамдар жауапкершілігі мол, өз ісін тиянақты орындайтын тұлғаға айналады.
3. Күдікті
Мұндай суретті салған адамды уақыт өте келе мақтап отыру керек. Осындай жағдай туған кезде ғана өзін бақытты сезініп, жақсы жұмыс істейтін болады. Кез келген салада, кез келген іспен айналыса алады. Әрдайым пайданы ойлайды.
4. Ғалым
Ғалымдар, бағдарламашылар, сәулетшілер туралы әңгіме болып жатқаны біз айтпасақ та түсінікті шығар. Өте сабырлы, ойы жүйелі келеді. Адал әрі тәрбиелі. Бірақ жанында жүрген адамдарды мезі етіп жібереді.
5. Психологтар
Психологтар өздеріне қиындық туғызып, артынша барлығын реттеп отырады. Бұлай жасап жатқандарын өздері де байқамайды. Бәрінен де тәуелсіз болуды ұнатады.
6. Техникашы
Бір сәтте жұмыртқадан жүн қырыққандай жоқтан бар жасайтын адамдар бар. Олардың ойлап таппайтыны жоқ. Жалпы айтқанда құрастырушылар мен өнертапқыштар – өзіндік таным-түсінігі бар және өте ақылды жандар.
Дереккөзі: «ПТ» топтамасынан