Продюсерлікті оқымайды, продюсерлікке үйренеді

Қазір елімізде не көп, продюсерлік орталықтар көп. Менің білейін дегенім, біздің елімізде продюсер мамандарды даярлайтын арнайы орталық бар ма? Рустам Мұратбекұлы, Семей қаласы

Шығармашылықпен айналысатын адамның қанша ұйымдастырушылық қабілеті мен тәжірибесі болса да, ол продюсерлердің қызметін қажет етеді. Өйткені бұл – заман талабы. Продюсер барлық шығармашылық процесті бастан-аяқ ұйымдастырады. Бүгінгі шоу-бизнестегі продюсердің барлығы дерлік – өздерінің ұйымдастырушылық қабілетіне сүйеніп жүргендер. Сондай-ақ қазіргі продюсерлердің арасында кейбіреулері сазгер, актер, әнші, журналист секілді өз мамандықтарын продюсерлікке ауыстырған. Біздің елімізде болашақ продюсерлерді даярлайтын арнайы орталық жоқ. Дегенмен продюсер боламын деушілер өзі жұмыс істегісі келетін белгілі бір сала бойынша білім алады. Айталық, продюсерлердің өзі музыкалық, продюсер, кинопродюсер, телевизиялық бағдарламалар продюсері, түрлі кештерді ұйымдастырушы продюсер т.б. болып бөлінеді. Продюсер өзі жұмыс істейтін саланы өте жақсы білуі тиіс. Сондай-ақ кәсіби продюсерге менеджерлік білім аса қажет. Үлкен жетістіктерге жету үшін продюсерде адамдарды сендіру қасиеті болуы шарт. Шетелдерде де продюсерлерді даярлайтын орталық жоқтың қасы. Тек тәжірибелі продюсерлер өздеріне көмекші етіп алған қабілетті жастарды бұл мамандықтың қыр-сырымен қанықтырып, продюсерлікке үйретеді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста