Постсоциалистік елдердің қатарына бұрынғы кеңес елдерінен бөлек қай мемлекеттерді жатқызуға болады?
Нұрлан БАУЫРЖАНОВ, Алматы облысы
XX ғасырдың 80-жылдарында социалистік жүйедегі елдердің үлес салмағы территориясы жағынан әлемнің 26 пайызын, халық саны жағынан 33 пайызын құраған еді. 90-жылдары көптеген елдер өзінің мемлекеттік жүйесін нарықтық басқару жүйесіне қайта құрылымдады. Кеңес Одағының ыдырауынан – 15, бұрынғы Югославия территориясынан – 5 мемлекет пайда болып, Чехия мен Словакия бөлінді, ГДР ГФР-ге енді. Жалпы постсоциалистік елдердің қатарына Польша, Чехия, Словакия, Венгрия, Румыния, Болгария, Сербия, Черногория, Словения, Хорватия, Босния және Герцеговина, Македония, Албания, Моңғолия және посткеңестік Ресей, Қазақстан, Украина, Беларусь, Литва, Латвия, Эстония, Молдова, Гүржістан, Армения, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан елдері жатқызылады.