Мен 1984 жылы бұрынғы Семей облысы Шар елді мекенінде 1984 жылы дүниеге келдім. Сонда тұрақты тіркеудемін. Қазіргі уақытта Алматы қаласында жұмыс істеймін. Полигон аймағында туғаныма орай қандай да бір әлеуметтік көмек беріле ме?
ЕЛДАР, Алматы қаласы
Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің экспертінің мәліметінше, Семей ядролық сынақ полигонының аумағында тұрған және тұратын азаматтарға бір жолғы ақшалай өтемақы төленеді (негізі: «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы № 1787 Заңы (бұдан әрі – Заң) 12 бабы).
Бұл төлем бір жолғы, яғни ақшалай өтемақы бір рет қана беріледі, осы аталған өтемақыны алу үшін, тұрғылықты жеріңіз бойынша жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына жолығуыңызға болады.
Сонымен қатар Заңның 13-бабына сәйкес еңбегіне қосымша ақы алуға, жыл сайынғы ақылы демалысты пайдалануға Семей полигоны аумағында қазіргі уақытта тұратын азаматтар құқылы.
Бұл аумақтан қоныс аударған азаматтарға жоғарыда аталған жеңілдіктер қолданылмайды.
Бұдан басқа, қолданыстағы заңнамаға сәйкес облыс, қала және аудан әкімдері «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік органдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өз құзыреті шегінде азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетуге құқылы.
Полигон аймағында туғандарға қандай көмек беріледі?
Последние статьи автора