Кейде есікті және оның жақтауларын пластикпен немесе басқа заттармен қаптап, бояп қоямыз.
Әлия ҒАЗИЗОВА, Алматы қаласы
Пластика немесе басқа заттармен қапталған заттарды бір қасық кез келген синтетикалық жуғыш заттарды бір литр жылы суда ерітіп, тазартуға болады. Тек су ыстық болмауы керек. Ал су өте ыстық болған жағдайда пластик бетін күңгірттейді, ол кейде майысып, бұзылады. Сондай-ақ оларды жуған кезде сабын, соданы мүлдем пайдаланбаған дұрыс. Қымбат ағаш түрлерінен жасалынған есікті тек таза жылы суға салынған таза шүберекпен сүртіп алады. Оған ешбір жуғыш зат қоспаған жөн. Қажет деп тапқан жағдайда, айына бір рет скипидармен сүртіп тұрғанның артықтығы жоқ. Ал майлы бояулы бұйымдарды бір литр суға бір қасық мүсәтір спирті қосылған жылы сумен жуса, оның беті жылтырай түседі. Ал дастарқан орнына қолданылатын клеенканы жылы сумен сабындап жуған жақсы.