Пісте шағу денсаулыққа зиян ба?
Пісте шағудың пайдасы мен зияны туралы айтып бересіздер ме? Ол туралы әркім әрқалай айтып жатады. Мен нақты жауабын білгім келеді...
Нұрзат, Ұлан ауданы
Шығыс Қазақстанда (көп жерінде) шәкілдеуік деп жүргеніміз-шындығында күнбағыс дәні, бір жерде шемішке, екінші өңірде пісте аталып жүр. Оның пайдасы-қысқаша айтқанда, А, Д, Е, дәрумендері бар. Мұның өзі қандағы холестерин мөлшерін азайтып, қартаюды баяулатады. Басқа да пайдалы жақтарымен қатар ол тістің эмалін бұзып, қарайтып жібереді екен. Бүйрек пен жүйке ауруларына соқтырып асқазан, соқырішек науқастарына себепші, осы науқастар содан бастау алады.
Мамандар аптасына жарты стақан ғана шағу керек дейді. Өйткені семіздікке де ұшырататын көрінеді.
Сондықтан қандай жағдайда болса да, дәрігерлермен кеңесе жүргендеріңіз жөн.