ПИК-тің пайдасы бар ма?

Біз қаланың сыртында тұрамыз. Тұрғын үйге байланысты мәселелер көп. Біздерге коммуналдық қызмет дұрыс көрсетілмейді. Осы орайда көрші-қолаңды жинап, Пәтер иелері кооперативін құруымызға бола ма?

Жігер МЕРГЕНҰЛЫ,  Алматы қаласы

Пәтер иелерінің кооперативі – мүшелік ұйым. Оның құрамына пәтер иелері кіреді. Оның жұмысы сайланған төрағамен басқарылады.

Аталған кооператив көп пәтерді немесе жақын тұратын үйлер тобындағы кондоминиум объектісін басқаруға құрылады. Бүгінгі күнге пәтер (бөлмелер) иелерінің кооперативтері көп пәтерлі тұрғын үйлердегі кондоминиум объектісін бірлесіп басқарудың, ортақ пайдаланатын мүлікті (шатырлар, үй асты, үйдің ортақ инженерлік желілері, жер участкесі т.б.) ұстау, пайдалану және қызмет көрсету негізгі нысаны болып табылады.

ПИК құру жөнінде шешім құрылтай жиналысында қабылданады. Тұңғыш рет өткізілетін «ПИК құрылтай жиналысы өтті» деп танылуы пәтер иелерінің, кондоминиум қатысушылары және олардың сенімді тұлғаларының кем дегенде жартысының қатысуына байланысты екенін айта кету керек. Сонымен ПИК-ті құру шешімі бірінші құрылтай жиналысында шешілсе, шешім үштен екі бөлігімен қабылданады және жиналыста кондоминиум қатысушыларының кем дегенде жартысы қатысса. Егер пәтер (бөлмелер) иелерінің кооперативін құру туралы шешім кайта өткізілетін жиналыста қабылданса, шешім қатысып отырғандардың үштен екі бөлігімен қабылданады және қатысып отырған құрылтайшылар саны екіден кем болмау керек.

Мүліктік жағынан қарасақ, Пәтер иелерінің кооперативі өз мүшелерінің міндеттемелері бойынша жауап бермейді, ал мүшелер кооператив міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Пәтер иелері өздерінің үлесіне сәйкес, ортақ мүлікті пайдаланумен және ұстаумен байланысты ортақ шығындарды бірге көтеруге міндетті.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста