Пеш түтініне тұншықпас үшін нені есте ұстау керек?
Қыс кезінде пеш жағатын жеке үйлерде түтінге улану оқиғалары көбейіп кетті. Пештің түтін тартпай қалуынан қалай сақтануға болады?
Бақтылы КҮМІСБЕКОВА, Ақмола облысы
Төтенше жағдайларға жауапты мамандар пештен бөлінетін тұншықтырғыш газдан сақтану үшін төмендегі ережелерді ұсынады:
– жылыту маусымы басталарда пештің өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келуі тексерілуі қажет;
– түтін шығаратын мұржалар екі айда бір рет тазартылуы керек;
– жағылған пешті қараусыз қалдырмау керек;
– ошаққа сыймайтын қатты отынды немесе шөп-шалам, көң, ағаш қиқымдары сияқты отын түрлерін пайдаланбаған жөн;
– пештің аузына жылдам тұтанатын материалдарды жақын қоймаған дұрыс;
– қолдан жасалған металл пештерді қолданбау қажет.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу