Персона нон-грата – сүйкімсіз саясаткер

Персона нон-грата – сүйкімсіз саясаткер

Қазіргі кезде «персона нон-грата» деген сөзді оңды-солды көп қолданып жүр. Бұл ұғымның түпкі мағынасы қайдан шыққаны туралы айтып бересіздер ме?
Қайрат Базаров,
Орал қаласы

Негізінде, бұл – дипломатиялық тер­мин. Persona non grata – латын тілінде «қажетсіз адам» дегенді білдіреді. Дип­ломатиялық тәжірибеде дипломатиялық өкілге шетел үкіметі оның келуіне агре­мандық бермей, сенімсіз, қажетсіз деп жариялауын «нон-грата тұлға» деп атай­ды. Егер шетелде қызмет етіп жүрген елші ағат кеткені, тыңшылық жасағаны немесе тұрып жатқан елдің заңын бұзғаны үшін нон-грата деп жарияланса, ол дереу еліне қайтарылуы тиіс. Қазіргі кезде бір елдің ар-намысына тиетін мәлімдемелер жасайтын кейбір сүй­кімсіз саясаткерлерді «нон-грата адам» деп атап, босағасынан аттатпайды. ТМД бойынша «нон-грата адам» деп жарияланған сүйкімсіз саясаткерлердің қара тізімінен көз сүрінеді. Украина Ресей депутаттары Владимир Жири­новскийді, Константин Затуллинді, теле­жур­налист Михаил Леонтьевті, саясаттанушы Алек­сандр Дугин мен Глеб Павловскийді «нон-грата адам» деп жариялады. Ал Ресей оған жауап ретінде украиналық ше­неу­ніктер Петр Порошенко мен Ни­колай Жулинскийге сенімсіздік таныт­қан болатын. Сол сияқты Латвияның Борис Березовский, Дмитрий Рого­зин­дерге есігі тарс жабық. Әзірбайжан Таулы Қа­рабаққа бола ресейлік ән­шілер Надежда Бабкина, Катя Лель, Валентина Лег­ко­ступова, Александр Песков, Ирина Отие­ва, «Чай вдвоем» тобына жылы қабақ танытпай қойды. Оны айтасыз, Маргарет Тэтчердің ба­ласы Марк Тэтчерді Монако елі жақ­тырмайды екен.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста