Патриоттық әндер байқауына қатыссам деп едім...

Жақында «Патриоттық әндерден республикалық байқау өтеді» деп естіп едім. Байқауға қатысу үшін нақты қандай мекемеге өтініш білдіру керек?
Алмас БАТЫРҰЛЫ,
Қызылорда қаласы

Таяуда Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті және «Қазақ әуендері» акционерлік қоғамы бірлесіп, «Елім менің» VI республикалық патриоттық әндер байқауы өткізілетіні туралы жариялаған еді. Байқау төрт аталым бойынша өтеді: «Атамекен» (Отан, туған жер туралы әндер); «Аманат» (ел тарихындағы түрлі ерліктер, рухани құндылықтар жайлы әндер); «Ән сал, сарбаз!» (Қазақстан Республикасының Қарулы күштері, Президент гвардиясының әскері, Ішкі істер министрлігі және Төтенше жағдайлар министрлігі жайлы әндер); «Елдің Ері – Бауыржан» (Кеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлының 100 жылдығына арналған әндер). Байқауға өзінің ең таңдаулы деген, бұрын еш жерде жарияланбаған, орындалмаған әндерін ұсынған кез келген қазақстандық композитор қатыса алады. Қатысушы өзінің шығармасын аудиотаспаға, CD, DVD немесе шағын дискілерге жазып, екі данамен, ал әннің мәтінін үш данамен өткізуі тиіс. Бір автор бірнеше аталым бойынша да қатыса алады. Қатысушылардың байқауға қатысу туралы өтініші мен қажетті құжаттары үстіміздегі жылдың 17 қарашасына дейін қабылданады. Байқауға қатысу үшін мына телефон нөмірлері бойынша хабарласыңыз: 8(7172) 390478, 390481, 390332, факс: 390514

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста