Шынымды айтсам, біз жақтағы пәтер иелері кооперативі қызметіне көңілім толмайды. Олар тек ақша жинаудан басқөа ештеме істеп отырған жоқ. Сондықтан олардың қызметіне ақы төлеуден бас тартсам бола ма?
Марат, Атырау қаласы
Пәтер иелерi кооперативi (ПИК) қызметiне ақы төлеуден бас тартуға сiздiң құқыңыз жоқ. Егер де кооперативтiң қызметiне көңiлiңiз толмаса, қандай да бiр жасаған әрекеттерiнен заңсыздық көрсеңiз, бұл турасында сотқа арызданып, заңсыз iс-әрекеттерiн нақты атап көрсетуiңiз керек. Сот ПИК қызметiнiң қандай да бiр түрiнен заңсыздық тапқан жағдайда, сiздi сол қызмет түрiнiң төлемақысынан босатуы және сол қызмет түрi үшiн төлеп келген төлемақының сомасын сiзге қайтаруы мүмкiн. Ал егер де Пәтер иелерi кооперативiнiң қызмет ақысын төлемесеңiз, кооператив әкiмшiлiгi сiздiң үстiңiзден сотқа шағымдануы мүмкiн. Мұндай жағдайда сот пәтер иелерi кооперативiнiң арызын қанағаттандырады. Онда сiз кооперативтiң қызмет ақысына қоса, сот iсi бойынша, шыққан шығынды да төлейсiз.
Пәтер иелері кооперативі қызметіне ақы төлемеуге құқым бар ма?
Последние статьи автора