Патентті қалай аламын?

Егер де мен жаңа бір өнім немесе техникалық қондырғы ойлап тапсам, оған қалай патент ала аламын. Жалпы, патент – өнертабыс иесіне қандай мүмкіндіктер береді?
Ербол ЖҰМАҒАЛИЕВ,
Талдықорған

ҚР Патент заңына сәйкес, өнертабысқа деген құқық инновациялық патентпен және жай патентпен куәландырылады. Патент өнертабысқа ұсынылған айрықша құқықты білдіреді, яғни патент иесі өзінің қалауы бойынша өнертабысты қолдануға құқылы.

Өнертабысқа инновациялық патент өтiнiм келiп түскен күннен бастап үш жыл бойы күшін сақтайды, патент иеленушiсiнiң өтiнiшi бойынша оның қолданылу мерзiмi ұзартылуы мүмкін, бірақ ол екі жылдан аспауы керек. Өнертабысқа патент өтiнiм берiлген күннен бастап жиырма жыл бойы күшiн сақтайды. Заңдарға сәйкес, пайдаланылуы үшiн құзыретті органның рұқсаты талап етiлетiн өнертабыс патентiнiң қолданылу мерзiмi патент иеленушiнiң өтiнiшi бойынша ұзартылуы мүмкiн, бiрақ ол бес жылдан аспауы керек.

Патентті өнертабысты қорғау саласындағы құзыретті орган береді. Қазіргі уақытта ондай орган ретінде ҚР Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті танылады. Патент иеленуші қорғалу мерзімі аралығында өнертабысты кім қолдана алады немесе қолдана алмайтыны жөнінде шешім қабылдауға құқығы бар. Патент иеленуші өзара тиімді шарттарда өнертабысқа рұқсатты немесе оны қолдануға деген лицензияны басқа тұлғаларға бере алады. Сонымен қатар патент иесі өнертабысқа деген құқықты сата алады. Бұл жағдайда құқықты сатып алған адам өнертабыстың иесі болады. Өнертабысты қорғау, атап айтқанда, оған патент беру кейбір жеке тұлғалардың шығармашылық талантының мойындалғанын көрсетеді және олардың өнертабыстарын коммерциялық сипатта пайдалануға мүмкіндіктер береді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста