Сұрақ: Пасха мейрамында сыйға тартылып жатқан жұмыртқа, тәтті нандарды жеуге болады ма?
Жауап: Жалпы кітап берілгендердің (христиандар мен еврейлердің) сойған (төрт түлік) малдарының еттері, тамақтары мұсылмандар үшін адал болып есептеледі. Доңыз еті бұл ұғымға кірмейді. Ол харам.
Дәлелі Құран-кәрімнің мына бір аяттары:
الْيَوْمَ أُحِلَّ لَكُمُ الطَّيِّبَاتُ ۖوَطَعَامُ الَّذِينَ أُوتُوا الْكِتَابَ حِلٌّ لَّكُمْ وَطَعَامُكُمْ حِلٌّ لَّهُمْ
«Бүгін сендерге жақсы нәрселер халал етілді. Кітап берілген (Христиан, Яһуди) дердің тамағы (бауыздағандары) халал етілді. Сендердің тамақтарың оларға да халал етілді»[1].
إِنَّمَا حَرَّمَ عَلَيْكُمُ الْمَيْتَةَ وَالدَّمَ وَلَحْمَ الْخِنزِيرِ وَمَا أُهِلَّ بِهِ لِغَيْرِ اللَّهِ ۖ
«Шынайы түрде сендерге өлексені, (арам өлген малды), қанды, доңыз етін және Алладан басқаның атымен бауыздалғанды арам қылды»[2].
Бұл жалпылай үкім ғой, ал жұмыртқа мен тәтті нандар арнайы сол күнге дайындалғандықтан жеуге болмайды деген күмән туғанның өзінде мейрамдарын ұлықтамау мақсатында аталмыш нәрселерді жеуге болады. Себебі жұмыртқаның да, тәтті нанның да негізі шариғи тұрғыдан адал болып есептеледі.
[1] Мәйда сүресі, 5 аят.
[2] Бақара сүресі, 173 аят.
Пасха мейрамында таратылған жұмыртқаны мұсылмандарға жеуге бола ма?
Последние статьи автора