Парламентер деген кім?
Осы парламентер деген тұлға Парламент депутаты ма, әлде басқалай іспен айналысатын адам ба?
Медет Андаев, Алматы облысы
Парламентер – француз тілінен аударғанда рагіеmentaire – соғыс немесе қақтығыс жағдайында бір-біріне қарама-қарсы күштердің бірінің келіссөз жүргізуге өкілетті тұлғасы. Халықаралық құқықтық және дәстүрлі ережелерге сай, парламентер тұлғасы ерекше пұрсатты жағдайға ие, оған ешкімнің тиісуге құқы жоқ. Батыстық тәжірибеде парламентерді соққыға жығып немесе өлтіру аса ауыр қылмыс болып есептеледі.
Тарихта парламентер ақ ту ұстап, қасына кернейші, барабан соғушы, аудармашыны ертіп жүрген. Парламентер мен оның серіктеріне өз миссиясы кезінде қол сұғылмаушылық иммунитеті берілген. Парламентер мен оның серіктерінің мәртебесі 1907 жылы 18 қазандағы 4-Гаага конвенциясының «Соғыс заңдары мен дәстүрлері» деген бөлімінде көрсетілген.