Парламент Сенатының ерекше өкілеттігі қандай?
Сенаттың ерекше өкілеттіктері қандай? Мәжіліс таратылған кезде Сенат өзі заң қабылдай бере ме?
Дулат, Алматы облысы
Сенаттың ерекше өкілеттігіне: Қазақстан Республикасы Президентiнiң ұсынуымен Республиканың Жоғарғы Сотының Төрағасын және Жоғарғы Сотының судьяларын сайлау мен қызметтен босату, олардың анттарын қабылдау; Республика Президентiнiң Республика Ұлттық Банкiнiң Төрағасын, Бас прокурорын және Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Төрағасын тағайындауына келiсiм беру. Мәжіліс таратылған кезде Сенат заң қабылдайды. Мәжiлiстiң өкiлеттiктерi мерзiмiнен бұрын тоқтатылуына байланысты, ол уақытша болмаған кезеңде Республика Парламентiнiң конституциялық заңдар мен заңдар қабылдау жөнiндегi функцияларын орындау (Парламенттiң конституциялық заңдар мен заңдар қабылдау жөнiндегi функцияларын Сенат екі рет орындады: бірінші рет – 2007 жылғы 21 маусым -11 шілде аралығында, екінші рет – 2011 жылғы 16 қараша – 2012 жылғы 19 қаңтар аралығында).