Пәктікке қатысты күлкілі аңыздар мен қажетсіз дәстүрлер көп болғандықтан, шынайы ақпаратқа жету оңай емес. Қоғамда қыз абыройына қатысты ақылға қонымсыз көптеген аңыздар да айтылып жүр. Соған орай Stan.kz ақпараттық агенттігі пәктік туралы ақылға қонымсыз 12 аңыз ұсынады.
1. Пәктік тек қыздарда ғана болады
Жоқ, пәктік тек қыздарда ғана болмайды. Шын мәнінде, адамдар әлі нені пәктік деп қарау керектігін шешіп алмаған соң, бұл сөзді әркім әрқалай түсінеді. Жалпы мағынада, пәктік – бұл адамның әлі жыныстық қатынасқа түспеген күйі. Бұл екі жыныста да болады. Айта кетейік, секс тек вагинальды ғана болмайды. Сондықтан вагиналды емес дене жақындығының бәрі секс. Ал, әйелдердің пәктігі деп аталатын нәрсе бұл – қыз абыройы, ғылыми тілде – қыздық перде.
2. Қыздық дегеніміз кішкентай тесігі бар қабықшақ
Қыздық перде – шырышты қабыршықтардан құрылған қатпар, ол қынапқа кіру жолында, яғни қыздың ішкі және сыртқы жыныстық мүшесінің арасында тұрады. Біреудің қыздық пердесі тығыз және үлкен болады, біреуінікі байқалмайды. Перде әр түрлі болуы мүмкін.
Қабыршақтың қынапты толық жабуы сирек кездеседі. Бірақ, бұл хирургиялық емдеуді қажет ететін патология.
Қыздық перденің не үшін керек екенін ешкім білмейді. Қабыршақ әйелдің микрофлорасын жыныстық түрде жетілгенге дейін қорғайды деген гипотеза бар.
Айта кетейік, қыздық ешқайда жоғалып кетпейді және жыныстық қатынастан кейін бірден ерімейді. Себебі, қалдықтар жыныстық белсенділіктің басталуынан кейін шырышты қабатта қалады, бірақ әйелдер бұл қабаттың бар екенін байқамайды.
3. Спортпен шұғылдану кезінде қыздық түсіп қалуы мүмкін
Жоқ, спортпен жаттығу кезінде қыздық өздігінен түспейді. Өйткені, спорт – бұл спорт, ал секс – ол секс. Кейбір спорт түрлері қыздық перденің созылуына ықпал етуі мүмкін. Сондықтан алғашқы жыныстық қатынаста жағымсыз сезім немесе қан болмайды, бірақ бұл тек анатомиялық ерекшелік.
Сонымен қатар, егер қыз айталық, гимнастика немесе атқа мініп жүрумен көп айналысса, ол алғашқы секс кезінде жағымсыз сезімдерді сезбейді дегенге кепілдік бермейді.
4. Жігіттерде де өздерінің пәктігін анықтайтын нәрсе болады
Жоқ, еркектерде ондай ештеңе жоқ. Ер адамның бұрын да жыныстық қатынаста болғанын тек сөзіне сүйене отырып қана анықтауға болады.
5. Жыныстық қатысқа бірінші рет түскеннен кейін бала көтеруге болмайды.
Бұл да ойдан шығарылған аңыз. Қыздық перде контрацептивті құрал емес. Және сіздің қанша рет жыныстық қатынасқа түскеніңіз маңызды емес. Бала көтеру жыныстық қатынасқа түскенге емес, ұрық жасушасының және сперматозоидтың пісіп жетілуіне байланысты. Егер сіз балалы болуды жоспарламасаңыз, сіз кез келген уақытта қорғалуға тиіссіз.
6. Алғашқы секс өміріңіздің қалған бөлігіне әсер етеді
Төсек қатынасы біреуге шынымен де әсер еткен шығар, бірақ ол міндетті емес. Бәрі де бірінші рет болады, соның ішінде секс. Әрине, егер төсек қатынасы травматикалық болса, онда ол бүкіл жан дүниесіне жағымсыз әсер етуі мүмкін. Егер ешқандай жарақаттар мен қиындықтар болмаса, онда төсек қатынасына түскен алғашқы түнді қуанышпен еске алуға болады. Немесе ол адам ойлауға тұрарлық болмаса, мүлде еске түсірудің қажеті жоқ.
7. Бұл өте ауыр және қан көп кетеді
Барлық кезде емес. Өздеріңіз білетіндей, әйелдерде қыздық перде бар. Бұл қабыршақ созылмалы болса, ал егер оны қатты созып жіберсе, онда қыздық жыртылып кетеді. Сондай-ақ, ауырсыну қабыршақтың құрылымына және ауырсынуды жеке қабылдауына, сонымен бірге жыныстық қатынасқа жалпы дайындығына байланысты болады.
Ал ауырсынуды азайтуға қозу мен майланудың жеткілікті мөлшері көмектеседі.
Алғашқы жыныстық қатыстан кейін бәрінде қан кету болмайды. Бұл қабықшаның құрылымына, оның серпімділігіне және майлануы мен қозуына байланысты. Мүмкін, қан тіпті, байқалмайтындай аз болады. Керісінше, қатты қан кету жақсы емес. Егер ол 24 сағат ішінде тоқтамаса, дәрігерге жүгіну керек.
8. Алғашқы жыныстық қатынас кезінде мүшеқап қолдануға болмайды
Әріптестердің біреуінің пәк болуы контрацепцияны қолдану қажеттілігіне байланысты емес. Мүшеқап – бұл дұрыс пайдаланылған жағдайда қол жетімді және сенімді құрал. Тіпті, екі серіктесте бұрын жыныстық қатынасқа түспеген болса да, оны қолдану артық етпейді.
9. Қыздық пердесі алынбаған қыздарға гинекологқа баруға болмайды
Қыз пәк болса да оған гинекологқа баруға болады. Егер шағымдар болса, дәрігерге міндетті түрде баруыңыз керек. Онда дәрігер арнайы құралдармен тексереді және ештеңеге зиян келтірмейді.
Қыздық перде аурудан қорғау кепілі емес. Әрине, жыныстық жолмен берілетін аурулар пайда болмайды. Бірақ жыныстық қатынастармен байланысты емес гинекологиялық проблемалар көп, олар қарапайым улу немесе ауыртып келетін етеккір, болмаса ішкі ағзада ісіктің пайда болуы секілді аурулар болуы мүмкін.
Тіпті, ешқандай шағымдар болмаса да, етеккір келе бастағаннан кейін жүйелі тексеруге бару керек және жыныстық белсенділікті бастамас бұрын контрацепция туралы кеңес алған жақсы болар еді.
10. Пәк қыздарға тампон қолдануға болмайды
Көптеген жағдайларда қыздық перде тампон қолдануға болмайтындай, қынаптың үстін соншалықты жауып тұрмайды. Етеккір үшін гигиеналық құралдарды кішігірім мөлшерде алуға болады. Егер күмәндансаңыз, гинекологқа барып, тампондар туралы сұрақты анықтауға болады.
Бірақ, тампон қолдану қыздық пердені созып жіберуі мүмкін, сондықтан бірінші жыныстық қатынас кезінде қатты ауырсыну болмауы мүмкін.
11. Алғашқы жыныстық қатынаста болғаннан кейін адам басқаша көрінеді
Көбісі төсек қатынасына түскеннен кейін жүріс өзгереді және көздің жанары жоғалады немесе көзде арнайы жарық пайда болады деп айтып жатады.
Егер адам ғашық болса және бір уақытта жыныстық қатынасқа түсе бастаса, оның сырт-келбеті, жүрісіне дейін өзгеруі мүмкін. Бұл жыныстық қатынасқа байланысты емес, жалпы адамның эмоционалдық жағдайына байланысты болады.
Ал, сыртынан қарап біреудің пәк немесе қыздығынан айрылған қыз екенін анықтау мүмкін емес, тек болжауға болады.
12. Қыздық перде белгілі бір жасқа дейін алынуы керек
Бұл ешқандай негіз жоқ жалпы пікір. Жас пен пәктік тек жыныстық өмірдің ерте басталуы денсаулыққа кері әсерін тигізетін кезде ғана бір-біріне байланысты.
Ал қалған жағдайда, әркім жыныстық қатынасқа қашан түсетінін өзі шешеді. Егер оған пәк болып жүрген ұнаса, онда ол қыздық пердесін алдыруға дайын екендігін шешкенше пәк болып жүре береді.