Пайдаланылмаған еңбек демалысы күндері үшін өтемақы төлене ме?

Пайдаланылмаған еңбек демалысы күндері үшін өтемақы төлене ме?

Мен балабақшада есепші болып жұмыс істеймін. Қазір ақылы еңбек дем­алы­сына шығып, еңбек демалыс ақымды алдым. Арадан төрт күн өткенде жұ­мыс­қа шақыртты. Мен өз келісімім бойынша жұмысқа қайта шықтым. Менің білгім келгені – пайдаланылмаған еңбек демалысы күндері үшін өтемақы төлене ме?
Ақайша АЙДАРБЕКОВА,
Жамбыл облысы
Еңбекті нормалау және еңбекке ақы төлеу басқармасының сарапшы мама­нының мәлі­ме­тінше, Қазақстан Рес­пуб­ликасы Ең­бек ко­дек­­сінің 109-бабына сәйкес, жұмыс бе­рушi жыл сайынғы ақылы еңбек дем­алы­с­ын тек қыз­­меткердің жаз­ба­ша келісімімен ғана үзуі мүм­­кін. Қыз­мет­кердiң жұмыс бе­ру­шiнiң ұсы­ны­­сынан бас тартуы еңбек тәртiбiн бұзу бо­лып табыл­май­ды.
Жыл сайынғы ақылы еңбек дем­алы­сы­нан шақыртып алуға байланысты пай­да­ла­ныл­маған бөлiгi еңбек шарты тараптарының келiсiмi бойынша ағымдағы жыл iшiнде не­ме­се келесi жұмыс жылында кез келген уа­қыт­та берiледi не келесi жұмыс жы­лын­да­ғы жыл сайынғы ақылы еңбек дем­алы­сы­на қосылады.
Қызметкердi жыл сайынғы ақылы еңбек демалысынан шақыртып алған кезде дем­алыс­тың пайдаланылмаған бөлiгiн басқа уа­қытта берудiң орнына қызметкер мен жұмыс берушiнiң арасындағы келiсiм бойын­ша қызметкерге жыл сайынғы ақылы еңбек дем­алысының пайдаланылмаған бөлiгiнiң күн­дерi үшiн өтемақы төлемi жүр­гiзiлуi мүм­кiн.
Бұл ретте, егер сіз жыл сайынғы ақылы ең­бек демалысы кезеңіне сақталатын орташа жалақыны толық (еңбек дем­алы­сы­ның бар­лық күндеріне) алған жағ­дайы­ңыз­да аталған өтем­ақы төлемi жүргi­зiл­мей­ді.
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста