Екі жыл еңбек демалысын алған жоқпын. Осы пайдаланбаған еңбек демалысы үшiн өтемақы талап ете аламын ба? Әлде ол өтемақы тек жұмыстан шыққан кезде ғана төлене ме?
Мәнсүр ҚҰМАРХАНОВ, Шығыс Қазақстан облысы
Еңбекті нормалау және еңбекке ақы төлеу басқармасы маманының айтуынша, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – кодекс) 105-бабына сәйкес, қызметкерге жұмыс iстеген бiрiншi және келесi жылдары үшiн жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы тараптардың келiсiмi бойынша жұмыс жылының кез келген уақытында берiледi.
Кодекстің 106-бабына сәйкес, жұмыс жылы қызметкердiң бiрiншi жұмыс күнiнен бастап есептелген 12 айды құрайды.
Жұмыс берушімен келісім бойынша еңбек демалысы толық немесе нақты жұмыс атқарған уақыт үшін беріледі.
Кодекске сәйкес, қызметкерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының (жыл сайынғы еңбек демалыстарының) пайдаланылмаған күндерi үшiн өтемақы төлемi еңбек шарты тоқтатылған кезде және еңбек демалысынан шақыртылған кезде жүргiзiледi.
Кодекстің 108-бабында еңбек демалысын қатарынан екi жыл бойы бермеуге тыйым салынады.
Пайдаланбаған еңбек демалысына өтемақы төлене ме?
Последние статьи автора