Пацифизм – соғысқа қарсы бейбітшілік идеологиясы

АҚШ-тың Сирияға басып кіру пиғылы бүгінгі әлемде ең өзекті тақырып болып отыр. Жалпы, соғыс атаулыға қарсы қозғалыс бар ма? 
Айман,
Алматы
Әлбетте, бар, ондай қозғалысты па­цифизм дейді. Пацифизм (лат. pacіfіcus — татуластыру, тыныштық орнату) — бей­бітшілікті жақтайтын, зорлық-зом­бы­лықты жоюға бағытталған идеоло­гия. Пацифистік қозғалыс, бейбітшілік үшін қозғалыс соғыс пен озбырлыққа қарсы бейбіт құралдармен әрекет ететін антисоғыстық қоғамдық қозғалыс болып табылады. XIX ғасырдың ІІ жартысында АҚШ пен Ұлыбританияда либералды интел­лигенция ортасында пайда болған пацифистік қозғалыс кез келген соғысқа қарсы шығып, елдер мен халықтар ара­сындағы қарулы күресті айыптады. 1848 жылы – Брюссельде, 1898 жылы Туринде (Ита­лия) т.б. елдерде пацифистердің халық­аралық конгрестері соғысқа тыйым салуға, жаппай қарусыздануға, елдер арасындағы дауларды аралық соттар арқылы шешуге шақырды. Пацифизмді жақ­таушылар соғыстың бейбіт іс-шара­лар арқылы алдын алу мүмкіндігіне се­нім артады. Олар соғысты әділетті, әділет­сіз деп бөлмейді, соғыс атаулының бәріне де қарсы. Олар соғыстың шығу себептерін жоймай-ақ, оны болдырмау мүмкін деп сенеді. XX ғасырдың 80- жылдары саяси ықпалы артқан паци­фис­тік қозғалыс халықаралық қауіпсіздікті қам­тамасыз ету мақсатында соғыстарға тыйым салу туралы халық­аралық кон­грес­тер өткізіп, жалпыға бірдей қарусыз­дану мәселелерін көтерді. Қазіргі кезде па­циф­истік қозғалыс көптеген елдердің сырт­қы және ішкі саясатына пәрменді ық­пал етуге қабілетті бұқаралық, халық­ара­лық, демократиялық қозғалысқа ай­налды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста