Емханаларда учаскелік дәрігерлер бір ауруды 30 минут бойы қараса, кейбіреулерді бес минутта-ақ жібере салады. Дәрігерлердің ауруларды қабылдау уақыты белгіленген бе? Қанша уақыт қарауы тиіс?
Жұмагүл ТҰРСЫНБАЕВА, Ақтөбе қаласы
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мамандарының мәліметінше, учаскелік қызмет дәрігерінің ауруларды қабылдау тәртібі министрдің 2003 жылғы 30 желтоқсандағы № 979 бұйрығымен бекітілген. Бұл бұйрыққа сәйкес, терапевт дәрігерлер бір пациентті 15 минуттан кем уақыт қарамауы керек. Бұл есептік норма арнайы жүргізілген хронометриялық зерттеудің негізінде белгіленді.
Пациенттер дәрігердің қабылдауында қанша уақыт отыруы керек?
Последние статьи автора