Отбасын құрғаным үшін материалдық көмек көрсетіле ме?
Мен №1 өнер мектебінде қызмет атқарамын. Жақында тұрмысқа шықтым. Осыған байланысты жұмыс орнымнан маған материалдық көмек көрсетілу керек пе?
Гауһар БОЛАТҚЫЗЫ, Алматы
Егер еңбек, ұжымдық келісімшарттарда, жұмыс берушілер актінде отбасын құрғаны үшін қаржылай көмектесу мәселесі қарастырылса, онда сізге материалдық қолдау көрсетілуі тиіс. Егер мекеменің жоғарыда аталған құжаттарында мұндай мәселе ескерілмесе, онда материалдық көмек жасалмайды. Егер мемлекеттік мекемелердің еңбек, және ұжымдық келісімшарттарында, жұмыс беруші актінде шаңырақ көтергендерді қолдау туралы жазылса, жас отбасыларға демеу жасалады. Өйткені өкілетті органдар мен ұйымдар тарапынан айлық жалақысына үстеме қосу, материалдық көмек көрсету бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру жоспарында қарастырылған.