Отандық омбудсмен институты қашан құрылды?

Отандық омбудсмен институты қашан құрылды?

Омбудсмен белгілі бір дәрежеде мемлекеттің бір айнасы іспетті, бұл мемлекеттің өркениеттілігінің деңгейін және оның адам құқықтарына қалай қарайтынын көрсетіп беретін құрал екені мәлім. Елімізде омбудсмен институты қашан құрылды?
Жандос,
Алматы облысы
Қазақстан Республикасында Адам құ­қық­тары жөніндегі уәкіл институты­ның пай­да бо­луы­на қоғам мен мемле­кет­тің дамуы, оны де­мократияландыру және елде құқық қорғау жү­йесін қа­лып­тастыру себеп болды. Қазақ­стан­да омбудсмен ин­ститутын ұйымдастыру ту­ра­лы алғашқы идея БҰҰ-ның Жоғар­ғы ко­мис­сары Адам құ­қықтары жөнін­дегі басқар­масы 1995 жылы қаңтарда Женевада өткізген семи­нар­да айтылды. Ол кезде қазақстандық де­ле­гация ос­ын­дай мекемелердің жұмы­сын ұйым­дастыруда тиісті халықаралық тәжіри­бені зерделеу негізін­де Қазақстанда Адам құқық­тары жөніндегі уәкіл ин­ститу­тын құру мүмкіндігі туралы айтты. Осы бас­таманы семинардың жұ­мы­сына қатыс­қан БҰҰ жүйесінің үй­лес­тіру­шісі/БҰҰДБ Қазақ­стан­дағы тұ­рақты өкілі Н. Рин­гроуз қолдады. 2002 жыл­дың тамызын­да Қазақ­стан Респуб­ли­ка­сының Президенті Н.Ә.На­зарбаев Қа­зақстан Республикасы Кон­сти­­ту­ция­сы­ның 7 жылдығына арналған өз сө­зін­де омбудсмен мекемесі демо­кратия­лық ел­дерге тән екендігіне назар аудар­ды және ос­ындай мекемені Қазақстанда құру қажеттігін атап көрсетті. 2002 жыл­ғы 19 қыр­күйекте Қа­зақ­стан Рес­пуб­ликасы Пре­зи­дентінің «Қа­зақстан Рес­публикасында Адам құқық­тары жө­ніндегі уәкіл қызметін белгілеу туралы» Жар­лық­ты қабылдау ар­қылы Қазақстан Рес­пуб­ли­ка­сында Адам құ­қықтары жөніндегі уәкіл ин­ституты құ­рылды.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста