Отан қорғаушылар күніне арналған спорттық додалар өте ме?

Біздің елде елеулі де мерекелі күндер қарсаңында спорттық жарыстар мен додалар өткізіліп жатушы еді. Сондай жарыстардың Отан қорғаушылар күніне арнап өткізілгендері бар ма?
Әнуар Нұрланұлы,
Қарағанды облысы
Әрине, бар. Мысалы, өткен демалыс күндері Алматыда Жеңіс күні мен Отан қорғаушылар күніне арналып дәстүрлі веложарыс өткізілді. Оған Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов­тің өзі қатысты. Сондай-ақ жақында ғана УЕФА кубогының иегері атанған «Қайрат» футзал клу­бы да аталмыш шараға келіп, мерекелі веложа­рыстың ажарын ашты.
Алысқа бармай-ақ, сіздің облысыңыз жайлы айтар болсақ, кеншілер қаласында ішкі істер қызметкерлері арасында шағын футболдан тең­біл доп додасы ұйымдастырылды. Полицейлер арасындағы бұл турнирге 30-дан астам команда қатысты.
Астанада Отан қорғаушылар күніне арналып Қазақстан Қарулы Күштері арасында жеңіл атлетикадан (жүгіруден) жарыс өткізілді. Сон­дай-ақ елордада Төтенше жағдайлар министрлігі бөлімшелері арасында спорттың бірнеше түрінен жарыстар (сайыстар) өткізілді.
Санай берсек, мұндай додалар өте көп. Әр облыс орталығында, ірілі-ұсақты қалаларда Отан қорғаушылар күніне арналып әртүрлі спорттық шаралар ұйымдастырылуда.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста