«Оскар» кімге берілді?

Биылғы «Оскар» сыйлығы қандай киноларға берілді? Үздік кинолардың ішінде қазақ киносы бар ма?
Рүстем Қайсарұлы,
Алматы облысы
Атақты «Оскар» сыйлығын тапсыру рәсімі биыл Голливудта 84-рет өтті.
Миллиондаған көрермен­дер­ді жаулап алған кинотуын­дылар қатарында әзірге қазақ киносы қара көрсете қойған жоқ. Әлемдік Би-Би-Си ақпарат агенттігінің мәліметінше, «Ең үздік шетел фильмі» аталымы бо­йынша ирандықтар түсірген «Ажырасу» фильмі бірауыздан «Оскарға» лайық деп танылған. Иран кинематографистерінің туындысы бұл беделді сый­лыққа бірінші рет қол жеткізіп отыр. «Екінші пландағы ең үздік әйел рөлі» аталымы бойынша «Оскарға» «Қызметші» филь­мінде ойнаған американдық актриса Октавия Спенсер ие болды. Ал француздардың түс­сіз әрі дыбыссыз «Әртіс» киносы «Ең үздік фильм» аталымында жеңіске жетіп, негізгі «Оскарды» алды. Бұл картина бұған дейін де бірнеше беделді сыйлық­тар­ды иеленген.
2011 жылдың «Ең үздік филь­мі» аталымына «Уақыт сақ­таушысы», «Әртіс», «Ұрпақтар», «Өте қатты және мүлдем жақын дауыс», «Қызметші», «Париж­дегі түн», «Бәрін өзгерткен адам», «Өмір ағашы», «Әскери ат» фильм­­дері өзара тартысқа түскен. «Оскарды» тапсыру сал­танатына қатысты шаралар Лос-Анжелес­те әлі бірнеше күн жал­ғасады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста